Қайрат Әбішев Арқалық әкімі болып тағайындалды

Ол мұның алдында Ұзынкөл ауданының әкімі болды.

Арқалыққа жаңа әкім тағайындалды. Қайрат Әбішевтің кандидатурасын қала мәслихатында депутаттар қолдады.

Қала басшысын жергілікті активке Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Қайрат Әбішев 1969 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеевка ауылында туған. 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтында «агрономия» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясында «экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Наурызым ауданы «Қара-Кұрай» бригадасының агрономы болып бастады, Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, Арқалық әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

ДереккөзAlau.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз