Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 2 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде  ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Жамбыл облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысында тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қызылорда облысында түнде 1-3 градус үсік болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.