Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала бүгінде әдебиет туралы маңызды сөз қозғайтын орталыққа айналған.
Форумға Германиядан, Америкадан, Англиядан, Түркиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Ресейден, Марокко мен Литвадан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер қатысып жатыр.
Халықаралық байланыстар жемісті болса, ол ұлттың мәдени жаңғыруы мен дамуындағы маңызды алғышарт болады, — деді Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллин.
Форум жұмысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.