Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында көмірсутек шикізатының әлемдік бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекеттің энергетика саясатының аспектілері қаралды.
Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін қысқы маусымда газбен қамтамасыз ету, энергия көздерін тасымалдау саласындағы қызметті оңтайландыру және инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.