«Алматы жаңа Жібек жолының мәдени астанасы бола алады»

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматы болашақта 5 миллион халық тұратын метроаймаққа айналуы тиіс.

Алматы — бүкіл Орталық Азиядағы жаһандық интеграцияның драйвері. Ал болашақта жаңа Жібек жолының іскерлік және мәдени астанасы бола алады. Қаланың алпауыт сауда-логистика хабына және жаңа Жібек жолындағы коммуникация торабына айналуға толық мүмкіндігі бар, — деді қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаев бәсекеге қабілетті болу үшін алдыңғы қатарлы қалалардың жоғары стандарттарына сай болуға тырысу керек екенін айтты.

Алматының дамуы жаһандық интеграторға, инновациялық дамудың драйверіне және елдегі алғашқы 5 миллион халық тұратын метроаймаққа айналуға бағытталған. Кез келген мегаполис сияқты қала адамдарға жайлы, бизнес пен коммуникацияға ыңғайлы болуы керек, — деді қала әкімі.