Бақытжан Сағынтаев “урбанизация дағдарысын” қалай жеңуге болатынын айтты

Былтыр қаланың жалпы өңірлік өнімінің индексі небәрі 2,8% өсті. Бұл халықтың өсу қарқынынан (2,9%) төмен.

Форум, Алматы
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі міндет – әлеуметтік экономика – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет, ақпараттық технология үлесін арттырып, жұмыспен қамту құрылымындағы теңгерімсіздікті жою.

Халық табысының арту деңгейі өмір сүру және көшу шығындарының өсу деңгейінен асып кетуі керек. Үлкен қала шығындарды азайту үшін ауқымды үнемділікті ұсына алады. Мұнда белсенділік пен ынтымақтастыққа баса назар аударылады, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол қала экономикасының перспектив “өсу нүктелерін” атап өтті. Олар – логистика, құрылыс, қаржы және сақтандыру, ақылды индустрия, сән индустриясы, өнер, демалыс және көңіл көтеру, туризм индустриясы және жылжымайтын мүлік саласындағы операциялар.

Алматыда кәсіпкерлерге ең жақсы орта азиялық әлеуметтік лифт жүйесі, технология, денсаулық сақтау, халықаралық бизнесті басқару, білім беру, табиғи экожүйелерді басқару және мегаполис аймағына арналған басқа да негізгі құзіреттіліктер болуы керек.

Алматыда олардың “Алматы арманы” орындалатындай болуы керек (“Американ арманға” ұқсас). Алматының адами капиталын өз саласының нағыз мамандары байытып, дамытып, барлық аймақтың ең жақсы дарынын тартуы керек және жергілікті тұрғындардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуы қажет. Дәл сол кезде инвестициялар, құзыреттіліктер мен инфрақұрылым қаламыздың дамуына дұрыс бағыт береді, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты – экология және қоғамдық қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы, ауқымды тұрғын үй құрылысы; қаланың базалық инфрақұрылымын жаңғырту; көгалдандыру мәселесін шешу қажет.

Қазіргі кезде басты деп санайтын мәселе – Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы базалық диспропорция, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда “екі Алматы” қалыптасып келе жатыр. Жетілдірілген, қауіпсіз, ыңғайлы орталық және артта қалып бара жатқан шет аймақ.

Менің ұстанымым мынадай – мегаполистің барлық ауданындағы тұрғынның қай жерде тұратынына қарамастан жоғары деңгейде өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Мен қаламыздың “шет аймақсыз қала” болғанын қалаймын. Қазіргі қалалардың орталығы бірнеше, әр ауданның өз тартымдылығы мен өсу драйверлері бар. Ірі мегаполистерде адамдар қала маңына көшкен кезде кері процесс жүреді, өйткені онда өмір сүру деңгейі жоғары. Тиісінше, қалалық инфрақұрылымды дамыту жергілікті орталықтарды аймақтарға бөлуді және дамуды ескеруі керек, – деді Бақытжан Сағынтаев.