Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.
Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін биыл 1 қазанға дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы 2019 жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.
Қолданыстағы салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
2019 жылдың соңына дейін жеке тұлғаларға арналған салық рақымшылығы үрдісі жүріп жатыр. Оның ережесіне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің Kgd.gov.kz сайтынан тексере алады.