Kазуо Сасаки әлемде аса сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған EQ Guard құралдарының артықшылығы туралы баяндады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.
Kазуо Сасаки — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы. Қауіпті ескерту жөніндегі заманауи жүйелер — сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларының бірі, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Алматыдағы Сейсмология институты мамандарының мәліметінше, қалаға 25-35 станция орнату қажет.