“Алматыға жер сілкінісі туралы хабарлайтын 25-35 станция орнату қажет”

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын жүйе орнату туралы сөйлесті.

Амлаты, сейсмикалық қауіпсіздік
Фото: @saginayev.b

Kазуо Сасаки әлемде аса сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған EQ Guard құралдарының артықшылығы туралы баяндады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.

Kазуо Сасаки – сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы. Қауіпті ескерту жөніндегі заманауи жүйелер – сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларының бірі, – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматыдағы Сейсмология институты мамандарының мәліметінше, қалаға 25-35 станция орнату қажет.