Бақытжан Сағынтаев «Алматының құрметті азаматтарын» марапаттады

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды марапаттау Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ұсынысы болды.

«Алматының құрметті азаматы» атағына Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын, қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов, балет әртісі, хореограф, мемлекеттік академиялық би театрының директоры Болат Аюханов, театр және кино актері, режиссер Юрий Померанцев, «Шипа-Дент» стоматологиялық клиникасының директоры Мүслімбай Дайырбеков пен экономика ғылымдарының докторы Аманжол Қошанов ие болды.

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов бұл атақты Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алудың зор мәртебе екенін айтып өтті.

Бұл мәртебелі атақты менің қаламгерлігімді бұрыннан бағалап келген Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алу мені екі есе қуантты, — деді жазушы.

Бақытжан Сағынтаевтың «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандардың арасында №162 мектептің химия пәнінің мұғалімі Тастан Сыдықбеков, троллейбус жүргізушісі Надежда Кириченко, Медеу аудандық полиция инспекторы Дәулет Қайратов, Astana Group компаниясының иесі Нұрлан Смағұлов, Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және тағы басқалар бар.