Литваның астанасы Вильнюс мэрі Ремигиюс Шимашюс Алматыны төл мерекесімен құттықтай отырып, қаланың гүлденуін тіледі.
Аргентинадағы Росарионың мэрі Моника Фэйн да алматылықтарды Қала күнімен құттықтады.
Алматы — бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталығы. Жуырда Росарионың Алматымен достық қарым-қатынасы бекіген қала болатынын мақтан етеміз, — деп жазылған жеделхатта.
Моника Фэйн Росарио тұрғындарының атынан Алматының өркендеуіне тілектестік білдіріп, қарқынды дамуын жалғастыруды тіледі.