Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарын қабылдады 

Кей мәселе бірден шешілді. Ал басқаларын тағы да мән-жайына барып, зерттеу қажет. Мектепке, көшеге ат беру сияқты Үкімет деңгейіндегі комиссия шешімімен жүзеге асатын да мәселелер болды.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әр сауал жеке қаралады. Шешілетін болса, оған жауапты адамдар белгіленіп, уақыты хабарланады.

Қаланың барлық ауданын аралап, тұрғындармен кездесіп болған соң азаматтарды жеке қабылдай бастадым. Азаматтарды әкімдік ғимараты мен Nur Otan партиясы филиалының кеңсесінде қабылдаймын. Ал ауданның жалпылама тұрғындарымен бір тоқсанда бір рет кездесемін, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысы Instagram-парақшасында азаматтарды жүйелі түрде жеке қабылдап тұратынын айтты.