American Space & MakerSpace Almaty

Америка бұрышы алматылықтарды ағылшын тіліне дағдылау үшін тегін клубтар ашқан. 2019 жылдың қыркүйек айының кестесі бойынша сейсенбіде талқылау клубы, сәрсенбіде грамматика, бейсенбіде фильм көру немесе ән айту, сенбіде сөйлесу және жексенбіде пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Оларға қатысу үшін Америка бұрышының Facebook пен ВКонтакте желісіндегі сілтемесіне өтіп тіркелу керек. Парақшасында клубтардың жұмыс кестесі де көрсетілген.

Allin Education & Visit Almaty

Клубты Allin Education орталығы мен турист хабы тегін ұйымдастырады. Бұл клубтың ерекшелігі — native speaker-мен тілдесу мүмкіндігі бар. Әдетте сабақтарда белгілі бір тақырып талқыланады. Қатысушылар сабақ өткізу форматына қатысты ұсынысын ұйымдастырушыларға Whatsapp арқылы жеткізе алады. Speaking club әр жұма сайын сағат 18.00-ден бастап Абай даңғылы 44 (Visit Almaty) мекенжайында өтеді. Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Байланыс телефондары: +7 727 224 4815, +7 777 384 9090.

Almaty Language Mixer

Клубқа қатысушылар әр сейсенбіде Starbucks кофеханасына жиналады. Оны шетелден келген маман немесе басқа елге барып келген отандасымыз тегін жүргізеді. Кездесуде әртүрлі тақырыпта әңгіме айтылады. Клубтың Facebook парақшасындағы жаңалықтарын бақылап, клуб мүшелерінің жиналатын уақыты мен мекенжайын біліп отырыңыз.

EDUStream

Бұл клубты кәсіби аудармашы, оқытушы әрі гид Қарлығаш Мақатова тегін ұйымдастырады. Кездесулер демалыс күні өтеді. Оған EDUStream оқу орталығы қолдау көрсетеді. Клуб қатысушылары әр кезде әртүрлі кофеханаға жиналады. Байланыс нөмірі: +7 701 755 2086.

English Skills

Ағылшын тілі клубына 12-16 жастағы жасөспірімдер тегін қатыса алады. Клуб оқушылардың ағылшынша сөйлеу, тыңдау қабілетін арттыру мақсатында түрлі ойын мен пікірсайыс ұйымдастырады. Келесі сабақтың тақырыбын оқу орталығының сайтына өтініш қалдырып немесе Whatsapp нөміріне жазып, білуге болады. Байланыс нөмірлері: +7  707 783 0998, +7 727 272 1982.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Elina Myshtakova