Психиоаналитиктің айтуынша, аутоагерессия — адамның өз тұлғасына саналы және бейсаналы түрде бағыттаған озбыр әрекеті. Бұл әрекет әлеумет талабы пен қарым-қатынасқа бейім емес адамның бойында кездеседі.

1,5-4 жас аралығындағы бала саналы жан дүниесінің даму кезеңінде эмоция толқуларын саралап, қадағалай алмайды. Бұған ересек адамның күші тең келмейді. Бала агрессия ретінде қабылдаған әрекетке есе қайтара алмайды. Сондықтан ашуын ырықсыз өзіне жұмсайды, — дейді Айгүл Хайдарова.

Айгүл Хайдарова
Айгүл Хайдарова. Фото жеке архивінен

Эмоцияны тани бастағанда қолдау және түсіну болмаса, балалық шақтағы аутоагрессия әрекеті ересек адамның мінез-құлқына айналады.

Қазақ фольклорында кездесетін жезтырнақ кейіпкері агрессияны бейнелейді. Сондықтан балаға мультфильм көрсеткенде де, кейіпкеріне мән беру керек. Тырнау, тістеу — агрессияны білдірудің ырықсыз әрекеті. Ал тырнақ тістеудің себебі — агрессияны ашық талқыға салып білдіре алмау. Бұл — айналадағы жағдайға байланысты кінәні мойынына алу, — дейді психиоаналитик.

Балабақшаға немесе мектепке баратын, жалпы жаңа ортаға түскен баланың тырнақ тістеуі, саусақты ауызға салуы — қобалжуын басудың ерте кезеңге сай қарапайым амалы. Бұл әрекет баланың өзгеріске әлі дайын емес екенін көрсетеді.

Тырнақ тістеудің (онихофагия) психика тұрғысынан себебін анықтаса, гигиена мен тәрбие амалдарын қолданса, балаға оң септігі болады. Егер ішкі эмоционал себеп шешілмеген болса, тырнақ тістеу әрекеті басқа аутоагрессив қимылмен ауыстырылады. Бала тырнақ тістеуден бөлек басын ұрып, өзін жазалап жатса, оған дауыс көтерудің қажеті жоқ. Бұл әдетті кетіру үшін баламен сенімді қарым-қатынас орнату керек, — дейді маман.

Аутоагрессияның тағы бір көрінісіне балада тәбеттің болмауы, ұйқысының бұзылуы сияқты факторлар да жатады. Мұндай кезде баламен ата-ана ролінде емес, дос болып, проблеманы талқылап шешкен дұрыс.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Luo

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!