«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, Қызылорда облысында дауыл болады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде дала өрті қаупі күшейіп тұр.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде 1-3 градус үсік болады.