Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Ақмола облысының кей жерінде бұршақ жауады, Қостанай облысында тұман түседі.
Алматы облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дала өрті қаупі күшейеді.
