Биылғы тамыздың аптабында Алматыдағы Көктөбе тауының аумағы үш рет өртенді. Тамыздың 11-інде алғашқы өрт жергілікті уақыт 14.30 шамасында басталған. Көктөбе телемұнарасынан 1 шақырым жерде қураған шөп өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, дала өрті 5 сағаттан соң өшірілді.

Осы күні 20.00 шамасында Көктөбе етегіндегі Әбубәкір Диваев көшесіне жақын маңда тағы да өрт шықты. Бұл жолы 10 гектар жер өртеніп, оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды. Полиция мән-жайды әлі тексеріп жатыр. Өртке қарсы қызмет отты 00.00-ге дейін сөндірді.

Келесі күні — 12 тамызда Көктөбе маңы үшінші рет түтінге оранды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің 13.52-де басталғанын хабарлады. Таудың оңтүстік-батыс баурайында ауданы шамамен 1 гектар болатын жердің қураған шөбі өртенген. Өрт екі сағатқа жуық уақытта сөндірілді.

Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Үш рет өртенген Көктөбе аумағы қазір қандай жағдайда? Baribar.kz тілшілері оқиға орнын шолып шықты.

Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Әбубәкір Диваев көшесі тұрғындарының айтуынша, екінші өрт кезінде жалын тұрғын үйлердің дәл жанына жақындаған. Дер кезінде сөндірілмегенде баспаналарды шарпуы мүмкін еді.

Өртенген орыннан.
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Тұрғындардың айтуынша, темекі тұқылынан шығуы мүмкін.

Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Үйден шығып қашатынымызды я болмаса өрт сөндірушілер өртті бізге жеткізбейтініне сенетінімізді білмедік. Қатты қорықтық. Өрт үйіміздің жанына кеп тоқтағанда, жүрегімізді бастық. Бірақ қорқыныш әлі де бар, — деді тұрғындар.

Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрт орны Көктөбе телемұнарасынан анық көрініп тұр.

Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Өрт болған аймақтан әлі де ыстық жел соғады.

Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Аумақ табиғатының әзір қалпына келуі екіталай сияқты.

Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көк-Төбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz