Басты бетБастыҚазақстанда балалар...

Қазақстанда балалар интернеті енгізіледі — Ақпарат министрлігі

«Нақтырақ айтқанда, мектептер балалар үшін ғаламторды ұсынса да, зиянды контентті бұғаттауға міндеттеледі. Оны арнайы бағдарламалар арқылы, я болмаса, байланыс операторларымен келісе отырып істеуге болады. Бұдан бөлек, байланыс операторлары «балалар интернеті» деп аталатын қызметті іске қосуы тиіс. Кез келген тариф сияқты оның да белгілі бір ақысы болады. Бүгінде қызметтің бұл түрі кейбір мемлекеттерде бар. Телефонды сатып алғаннан кейін оған «балалар интернеті» қосылады. Соның арқасында заңсыз сайттар ашылмайды», — дейді Ж.Қожахметов «16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне шектеу қою» атты дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, осы және басқа да нормаларды іске асыру үшін ата-аналардың қолдауы қажет. Себебі, олар осы проблеманың маңыздылығын түсінбесе, алдағы өзгерістердің іс жүзінде қолға алынуы екіталай.

Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысқан депутат Зағипа Балиева министрлік әзірлеп жатқан заң жобасын тездетіп Парламенттің қарауына енгізуді сұрады. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін балаларды зиянды ақпараттан қорғауға арналған заңнама қабылданған еді. Алайда, оның нормалары іс жүзінде қолға алынбады.

«Ашығын айту керек, осы саладағы заңнаманы даярлағада заң мен мораль нормаларының тепе-теңдігін сақтау қажет. Себебі, заңда көп нәрсені жазуға болады. Бірақ, отбасында мораль жағы әлсіз болса, оны ешқандай заңдармен түзете алмайсың. Біз кез келген нәрсені алдымен балаға несімен пайдалы екенін ойлауымыз қажет. Үйде де, түзде де, кітап, азық-түлік, киім-кешек, ойыншықтар, жол қозғалысы болсын, ең бірінші балаларға қаншалықты пайдалы болатынын ескеруіміз керек», — дейді Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева.

 

ДереккөзBnews.kz