Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, №28 мектептің қосымша ғимараты 300 орынға арналған. Корпуста спортзал, асхана, ауласында ойын алаңы болады. Ғимарат қазан айында ашылады.
Алтай Көлгінов №67 мектеп аумағындағы құрылысты да аралап көрді. Әкім мұнда кіреберіс жол салынбағанына наразы болды.
Мектептерді салып жатырмыз, бірақ кіреберіс жол туралы ойламаймыз. Осындай мәселе №75 мектепте де бар. Тұрғызған жаңа құрылыстардың жанында дұрыс жол жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға аулалар арқылы өтуге тура келеді. Оқу орындарына қауіпсіз жол салу, көлікке арналған тұрақ орындарын ойластыру қажет, — деді Нұр-Сұлтан басшысы.
Еске салайық, бұған дейін биыл Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепте қосымша ғимарат ашылатыны хабарланған еді. Алдағы 5 жылда қалада 40-қа жуық білім беру нысаны салынады.