Республиканың басым бөлігі циклон ықпалында болады

Еліміздің солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел күшейеді.

Ит, қолшатыр, жаңбыр
Фото: Chalabala/Thinkstock

26 тамызда республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Соған байланысты көп өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік пен шығыстың кей жерінде тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік, шығыс және орталық облыстарда антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Ақмола облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Жамбыл облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында 15-22 м/с жел соғады. Атырау облысында найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.