22 шілдеде еліміздің көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, Павлодар облысында тұман түседі. Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында да найзағай ойнап, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Алматы облысында найзағай ойнайды.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өрт қаупі күшейеді.