Алтай Көлгінов кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын атады

Алтай Көлгінов экономиканың қарапайым секторларын дамытуға ден қою керек екенін айтты. Бағдарлама бойынша кәсіпкер жылдық үстемесі 6% болатын несие ала алады.

Жеті бағдарламаны бір бағдарламаға біріктіргенде қаржының жалпы сомасы 7 миллиард теңгедей болады. Бағдарламаны қаржылай қолдау басталғалы 1800-ден аса жеке кәсіпкерлік субъектісі қамтылып, 9 мың жаңа жұмыс орны ашылған. 18 мыңға жуық жұмыс орны сақталды.  Кездесу соңында тараптар кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту жоспарын баяндады.

Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық басшылары мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Нұр-Сұлтан бойынша филиалының басшысы қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкіміне шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз етуді және азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырған еді.