Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Бұған қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері сеп болды. Сонымен бірге қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өлім-жітімді азайту үшін қосымша шаралар қабылдаймыз, — деп жазды қала әкімі.
Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложол мәселесінің де шешілгенін айтты.
Қозғалысы екі жаққа бағытталатын бір веложолды қалдырамыз (Мысалы, Шевченко көшесіндегідей). Екінші веложолдың орнына көлік тұрағын орналастырамыз, — деді қала басшысы.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл шешім аталған көшелерде орналасқан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қабылданған.
Әкім полиция департаментіне, қалалық мобильділік басқармасына, кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына қабылданған шешімдерді орындауды тапсырды.
Айта кетейік, биыл 15 қаңтардан бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолындағы орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендетілген еді. Бұл шешім аталған автожолдарда жол апатының жиілеп кетуі себебінен қабылданған. Әкімдіктің мәліметінше, қаладағы жол-көлік апаты бәрібір азаймаған. Бұрынғы орташа жылдамдықты қайтаруға қатысты әкімдікке 800-ден астам арыз түскен.