Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Медеу» кешенінің автотұрағы жарты жылға жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешеніне жақын орналасқан автотұрақ биылғы 16 маусымнан бастап уақытша жабылады. Шектеу желтоқсан айына дейін жалғасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы құрылыс басқармасының мәліметінше, бұл шешім «Медеу» кешенін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру аясында қабылданған.

Автотұраққа кірудің уақытша шектелуі құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады, — делінген хабарламада.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін спорт кешенінің инфрақұрылымы жаңартылып, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Мақалаға реакция