Әл-Фараби даңғылына бұрынғы жылдамдық режимі қайтарылды

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Бұған қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері сеп болды. Сонымен бірге қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өлім-жітімді азайту үшін қосымша шаралар қабылдаймыз, — деп жазды қала әкімі.

Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложол мәселесінің де шешілгенін айтты.

Қозғалысы екі жаққа бағытталатын бір веложолды қалдырамыз (Мысалы, Шевченко көшесіндегідей). Екінші веложолдың орнына көлік тұрағын орналастырамыз, — деді қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл шешім аталған көшелерде орналасқан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қабылданған.

Әкім полиция департаментіне, қалалық мобильділік басқармасына, кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына қабылданған шешімдерді орындауды тапсырды.

View this post on Instagram

19.08.2019 Бүгін екі шешім қабылдау арқылы қоғамдық пікірталастарға нүкте қойдым. 1) Қаланың негізгі транзиттік магистральдары — әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолына сағатына 80 шақырым жылдамдық режимін қайтардық. Бұған қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері сеп болды. Сондай-ақ қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өлім-жітімді азайту үшін қосымша шаралар қабылдаймыз. 2) Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложол мәселесін ретке келтірдік. Қозғалысы екі жаққа бағытталатын бір веложолды қалдырамыз (Мысалы, Шевченко көшесіндегідей). Екінші веложолдың орнына көлік тұрағын орналастырамыз. Бұл шешім аталған көшелерде орналасқан ШОБ-ты қолдау мақсатында енгізілді. Полиция департаменті мен қалалық мобильді басқармасы, кәсіпкерлік және инвестиция басқармалары қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. —— Принял сегодня два решения, поставив точку в общественных дискуссиях. 1) Вернули скоростной режим 80 км/ч на основных транзитных магистралях города — проспекте Аль-Фараби и Восточной объездной автодороге. Решающим фактором явились рекомендации Общественного совета Алматы и обращения горожан. Дополнительно примем меры по обеспечению безопасности и снижению смертности на дорогах города Алматы. 2) Исправили ситуацию с велодорожками на улицах Кунаева и Байтурсынова. Оставим одну велодорожку с направлением движения в обе стороны (по примеру улицы Шевченко). На месте второй велодорожки дадим возможность парковки для автомобилей. Такое решение поддержит МСБ, расположенный на этих улицах. Департаменты полиции и управления городской мобильности, предпринимательства и инвестиций должны обеспечить исполнение принятых решений.

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

Айта кетейік, биыл 15 қаңтардан бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолындағы орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендетілген еді. Бұл шешім аталған автожолдарда жол апатының жиілеп кетуі себебінен қабылданған. Әкімдіктің мәліметінше, қаладағы жол-көлік апаты бәрібір азаймаған. Бұрынғы орташа жылдамдықты қайтаруға қатысты әкімдікке 800-ден астам арыз түскен.