2019 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 186,5 мың теңге болды, бір жылда 14,6% өскен. Ал инфляция мен сатып алу жарамдылығын ескергенде жалақының нақты өсімі 8,9% болды. Finprom.kz аналитиктерінің мәліметінше, бұл — соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.

Осы жылдың басынан бері елімізде ең төменгі жалақы 1,5 есе көбейді, ең төменгі жалақы алатын жұмысшылар үшін салық 10 есе азайды. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының жекелеген жұмысшыларының жалақысы 30% көбейтілді. Бүгінде аз жалақы алатын 1,1 миллионнан астам жұмысшының айлық табысына 31% үстемеақы қосылды.

Жалақы инфографика

Өңірлерге бөліп қарағанда ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысының жұмысшыларына тиесілі — 325 мың теңге. Былтырғы екінші тоқсанда жалақы мөлшері 291,3 мың теңге болған. Бұдан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы (289,6 мың теңге) және Нұр-Сұлтан (287,7 мың теңге) жұмысшылары тұр. Орташа айлық жалақының мөлшері жағынан үздік бестікке Алматы (227,4 мың теңге) және Батыс Қазақстан облысы (181,6 мың теңге) еңбеккерлері енеді.

Finprom.kz мамандары еліміздің 4 өңірінде орташа айлық жалақы мөлшері орташа республикалық шамадан жоғары екенін анықтады. Атырау облысында 74,2%, Маңғыстау облысында 55,2%, Нұрсұлтанда 54,2% және Алматыда 21,9% жоғары.

Ең төменгі орташа айлық жалақы мөлшері Жамбыл облысында тіркелді — 126,5 мың теңге. Түркістан облысында 128,1 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 130,3 мың теңге.

Жалақы инфографика

Салалар бойынша айтсақ, орташа айлық жалақының мөлшері қаржы және сақтандыру (458 мың теңге, бір жылдағы нақты өсімі — 29,8%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді пайдалану (387,3 мың теңге, бір жылдағы нақты өсімі — 2,7%), кәсіби қызмет, ғылым және техника (315,1 мың теңге, бір жылдағы нақты өсімі 9,6%) сфераларында жоғары. Бұл жағынан ақпарат және байланыс (274,9 мың теңге), құрылыс (233 мың теңге) салалары да алғашқы бестікке еніп тұр.

Жалақы инфографика

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!