SpaceX Қазақстанның ғылыми-технологиялық мақсаттағы екі спутнигін ғарышқа ұшырды

4 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 00.32-де АҚШ-тың Вандерберг ғарыш айлағынан ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің екі қазақстандық ғарыш аппараты — KazSTSat микроспутнигі мен KazSciSat-1 наноспутнигі Falcon 9 тасымалдағыш зымыранымен ұшырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғарыш аппараттарын ұшыру штаттық режимде өтті. Оларды ұшырудағы мақсат — жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосферасына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.

Ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» «Ғалам» ЖШС мен комитетке қарасты Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығының Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты.

Айта кету керек, 23 қазанында «Ғалам» ЖШС инженерлері SSTL, Spaceflight және SpaceX компанияларындағы әріптестерімен бірлесіп тасымалдағыш зымыранның ғарыштық бастиек бөлігінің модуліне спутниктер орнатты.

Ұшырылым видеосын https://www.spacex.com/webcast  сілтемесі арқылы өтіп көруге болады.

Анықтама:

Технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты:

  • белсенді өмір сүру уақыты — 1 жылдан кем емес;
  • мультиспектрал режимдегі кеңістік рұқсаттамасы — 17,5 метр;
  • мультиспектрал каналдар — 3;
  • массасы — 107 келі;
  • қармау алабы — 250 шақырым кем емес;
  • бірдей нүктелерді түсірілім жасау жиілігі — 5-7 күн;
  • орбита биіктігі — 570 шақырым.

Ғылыми мақсаттағы ғарыш аппараты:

  • белсенді өмір сүру уақыт — 3 айдан кем емес;
  • ҒМ ҒА платформасы CubeSAT технологиялар базасында дайындалды
  • тиімді жүктеме – феррозондты магнитометр;
  • мақсаты – ЖМҚ-ға (Жердің магнит қабаты) табиғи және техногенді әсерін анықтау мақсатында оны тұрақты түрде өлшеу;
  • массасы — 5 келі;

орбита биіктігі — 570 шақырым.

РН Falcon 9 — бұл америкалық SpaceX компаниясының орта класты Falcon сериялы зымыран-тасығышы, тасымалдағыш зымыранның бірінші сатысында орналасқан ол 9 Merlin сұйықтық зымыран қозғалтқышын қосады. Spaceflight компаниясы — Falcon ТЗ ұшырылымдарының коммерциялық операторы.

62 ұшырылымның 60-ы сәтті ұшырылды, олардың соңғылары 2018 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылды. 

Әлемнің 17 еліне 64 ғарыш аппараты (15 микроспутник және 49 наноспутник) жіберілді.