13 мамырдан бастап Amanat сақтандыру компаниясы «Достық сатылады» атты жарнама кампаниясын іске қосты. Компания өкілдерінің айтуынша, нағыз достық тек екі адамның ғана емес, ұйым мен тұлға арасында да болуы мүмкін. Бір айырмашылығы бар: соңғысын жай ғана сатып алуға болады.

Amanat компаниясы клиенттерімен қарым-қатынасын берік достыққа теңейді. Әдетте, нағыз жолдас болуға жылдар қажет. Ал Amanat компаниясы клиент пен өзінің арасында шынайы достық бар екеніне сенеді.

Біз клиентке қамқорлық көрсетіп, оған жанашыр болуды басты орынға қоямыз. Amanat – нағыз сервис компаниясы. Бізде автосақтандыру өнімін қолданатын клиентке техникалық көмек беріледі: компанияның аваркомдары аккумулятор қуаты таусылғанда қозғалтқышты іске қосуға көмектеседі, қосымша жанармай жеткізіп береді, дөңгелекті үрлейді немесе ауыстырады. Көлік бұзылғанда, тіпті, ақауы механикадан болса да, клиентке эвакуатор тегін жеткізіледі. Жол-көлік оқиғасы болған кезде де клиентпен біргеміз: құжаттарды жинаймыз, оның атынан сол оқиғаға қатысушылармен, жол полициясымен келіссөздер жүргіземіз, пайдалы, дәмді тағамдар ұсынамыз, қажет жағдайда эвакуатор, такси шақырамыз. Бұл қызметтің барлығы тәулік бойы көрсетіледі және тегін, — дейді «Amanat сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов.

Amanat сақтандыру компаниясы
Amanat сақтандыру компаниясы

Көлігін Amanat компаниясы сақтандырған клиентке мынадай қызметтер көрсетіледі:

  • жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемі бір жұмыс күні ішінде өтеледі;
  • барлық құжатты Amanat мамандары дайындайды. Олар құжатты өздері жинап, сот шешімін алып кетеді;
  • тегін эвакуатор. Қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда мен Көкшетауда көрсетіледі;
  • Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы клиенттерге жол-көлік оқиғасы болған жерге такси шақырады;
  • сапалы қызмет;
  • тегін техникалық қызмет 24/7 режимінде көрсетіледі. Amanat мамандары дөңгелекті үрлеп немесе қосымшасына ауыстырып береді, отырып қалған аккумуляторды қуаттайды, жолда жанармай таусылып қалса, құйып береді (5 литр);
  • көлік бұзылғанда, тіпті, ақауы механикадан болғанда да компания эвакуаторды тегін шақырады.

Міндетті автосақтандыру полисін Аmanat24.kz сайтынан немесе «7310» нөмірі бойынша call-center арқылы сатып алуға болады. Егер полисті Аmanat24.kz сайтынан онлайн сатып алсаңыз, 10% жеңілдікке ие боласыз.