ÓzgeEpic art-кеңістігі — музыка, әдебиет, кино, театр, бейнелеу өнері бағытында жұмыс істейтін жаңа орталық. Өнер кеңістігінің ашылу салтанатында Мақпал Жұмабайдың AÝA анимация клипінің көрсетілімі болды. Бұл — ақынның көп жылғы арманы. Мақпал енді — анимация кейіпкері.

Кейіпкер қазір істеп жүргенімнің бәрін өзі жеткізеді. Ән айтады, бейнебаяны шығады, Maqpalsher жобасындағы идеяларды жүзеге асырады. Дәл қазіргі сәтте өнерім туралы өзім шығып айтуға мәжбүрмін. Соның барлығын кейіпкерге тапсырғым келеді. Ол үшін үлкен топ жұмыс істейді. Өзіңді барлық нәрсеге араластырып жүру өте қиын. Мен көпшіл емеспін, көпшіліктің ортасында жүргім келмейді. Ешқашан публиканың адамы болмадым. Соның барлығынан өзімді құтқарғым келеді, — деді ақын Мақпал Жұмабай.

Мақпал Жұмабай
Фото: Жамбыл Белгібаев

ÓzgeEpic art-кеңістігінің жұмысына Тоғжан Құрманжанова жетекшілік етеді.

Біз әдебиет, музыка, театр, кино, көркемсурет бағытында жұмыс істейміз. Неге ÓzgeEpic? Өйткені бұл — өнердегі өзге эпика, жаңа әпсана, — деді жоба жетекшісі.

Ашылу салтанатында Мақпал Жұмабаймен бірге Amir Sal, Орынхан Рақымбеков, Грейс Гаррет сияқты әншілер өнер көрсетті.