Алматы балаларына тауда жүру мәдениеті тегін үйретіледі

Бұл курстар балаларға бос уақытты таза ауада тиімді өткізіп, жаңа достар табуға, қажет дағдылар игеруге көмектеседі. Ең бастысы — гаджеттерден, әлеуметтік желілерден алыстап, табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді.

Алматы спорт, бала, тау
Фото: «Алматы спорты» ЖШС

Білікті альпинистер балаларға координаттарды анықтау, өзеннен өту, алғашқы медициналық көмек беру, шатыр құру, тамақ дайындау сияқты түрлі дағдыны үйретеді.

Курстар сағат 07.30-17.30 аралығында өтеді. Балалар дүйсенбі, сәрсенбі күні «Кімасар» шатқалына, жұма «Мыңжылқы» жотасына сапарға шығады.

Алматы спорт, бала, тау
Фото: «Алматы спорты» ЖШС

Үш күндік курсқа бару-келу жолы, тамақтану және сақтандыру кіреді.

Курсқа Аlmatysporty.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Instagram, Facebook, «ВКонтакте» желілеріндегі Аlmatysporty парақшаларынан да толығырақ біле аласыз.

Анықтама телефондары:

  • +7(707)245 72 55
  • +7(707)3439677
  • +7 (778) 352 61 41