Шомылу маусымында адамдардың суға кетуі - жыл сайын қайталанатын жағдай. Мұндай оқиғаға кез келген куә болуы мүмкін. Бірақ суға кетіп бара жатқан адамға алғашқы көмек беруді екінің бірі білмейді. Осы себепті төтенше жағдайлар қызметкерлері маңызды кеңесті биылғы шомылу маусымында да азаматтардың есіне салып отыр.

Суға батқан адамды шашынан немесе қолтығынан ұстап, бетін жоғары қаратып, оған құтқарушыны ұстауға мүмкіндік бермей, жағаға қарай жүзу керек. Судан алып шыққаннан кейін басы кеудесінен төмен болуы үшін ішін бүгілген тіземен тіреп жатқызады. Содан кейін оған жасанды дем беру қажет.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының мамандары дем берудің бірнеше техникасын айтты. Олардың айтуынша, зардап шеккен адамға орамалды немесе матаны желпіп, дем беру дұрыс емес. Одан, керісінше, ауа жетпейді. Жасанды дем берудің “ауыздан ауызға” немесе “ауыздан мұрынға” техникасы – ең ыңғайлы әдіс.

алғашқы көмек су
Фото: Еmer.gov.kz

“Ауыздан ауызға” жасанды дем беру техникасы

дем беру
Фото: Sovdok.ru
  • Зардап шеккен адамның қаптал жағынан тұрып, бір қолыңызды оның маңдайына, екінші қолды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменнен жоғарыға көтеріп, қысу керек.
  • Саусақпен иегін ұстап, төменгі ернін қысып, аузын жабу қажет;
  • Терең дем алып, оның мұрнын ауызбен жаба отыра “ауа шықпайтын күмбез” жасап, мұрнына қатты дем жіберу қажет.

“Ауыздан мұрынға” әдісімен жасанды дем беру техникасы

алғашқы көмек су
Фото: Еmer.gov.kz

Құтқарушыда арнайы жабдық болса, зардап шеккен адамды шалқасынан жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайту керек.

  • Ауаөткізгіш құралдың бір шеті оның аузына кіргізіледі. Ауаөткізгішті тіс арасынан жоғарғы иілген жағы мен ойысқан жағын төмен айналдыру керек;
  • Ауаөткізгіш дұрыс орналасса, тіл ауыздың түбіне қыстырылып, тыныс жолын жауып тастамауы керек. Мұрнын екі жағынан саусақпен қысу қажет;
  • Терең демалып, ауаөткізгіштің шетін ауызға алып, дем беру керек. Содан кейін құтқарушы ауаөткізгіштің шетін босатуы керек.

Жүрекке массаж жасау тәсілі

жүрекке массаж
Фото: Studopedia.su

Суға батқан адамның төс сүйегін алақанымен басқанда тоқтаған жүрек төс сүйегі мен омыртқа аралығында қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады.

Алақанды босатқанда төс сүйегі жазылып, жүрек көлемі қалпына келіп, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүрек осылай жиырылып-созылады. Бұл тәсіл жүректің насос сияқты жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді.