Басты бетЭкономикаКәсіпкерлерге 6%...

Кәсіпкерлерге 6% мөлшерлемемен несие беріледі

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау арқылы сыйақының бір бөлігін өтейтіндіктен осындай төмен проценттік мөлшерлеме ұсынып отыр.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» республикалық бағдарламасының іске қосылғанын мәлімдеді. Осы мақсатқа бөлінген 600 миллиард теңге  «Халық банкі» АҚ, First Heartland Jusan Bank АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, Forte Bank АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, Bank RBK АҚ, «Нұрбанк» АҚ сияқты екінші деңгейдегі банктеріне салынған.

Кәсіпкерлер, несие
Фото: astana.gov.kz

Кәсіпкер несие алған соң, оның кемінде 50%-ін инвестицияға, 50%-тен көп емес сомасын айналым қаражатын толықтыруға жұмсауы тиіс.

Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде (11.12.2018 жыл № 820 ҚРҮҚ сәйкес) жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады. Несиеге өтініш берген тұлға білім беру объектілерін салу, көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін, қағаз бұйымдары мен буып-түю материалдарын, электрониканы, жиһаздарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асыруы керек.