«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қостанай облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 23 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 25 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 23 м/с жел соғады, дауыл тұрады. Атырау, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өрт қаупі күшейеді.