24 шілдеде бірнеше облыста бұршақ жауады

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Павлодар, Ақмола облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, бұршақ жауады. Маңғыстау, Алматы, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында температура 43 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өрт қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.