Басты бетЖаңалықтарЗейнетақы қорына...

Зейнетақы қорына қосымша жарна аудару қажет болады

Қазақстанның жұмыс берушілері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10% міндетті жарнаға қоса жұмысшы жалақысының 5%-і көлемінде тағы аударым жасауы керек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақымен қамту және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Виктория Шегай «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Телеарнаның мәліметінше, қосымша жарна жұмыс берушінің есебінен төленеді. Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын 35 миллиард теңгеге жуық қаражат аударылуы керек. Мұндай заң 2015 жылы қабылданған. Жүйе былтыр енгізілуі керек болған, бірақ кейін бір жылға шегеріліпті.

Егер, айталық, ортақ зейнетақы адамға республикалық бюджет қаражаты есебінен өмір бойы төленсе және оған 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы болса, 1980 жылы туғандардан бастап мұндай құқық берілмейді, себебі оларда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Соған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесі өмір бойы төленетін төлемдермен қамтамасыз етуі үшін қазіргі жаңғырту тұжырымдамасына сай жүйені қосымша шартты-жинақтау компоненттерімен толықтыру туралы шешім қабылдады, — деді Виктория Шегай.

Дереккөз24.kz