Алдағы күндері осы кезге дейін қалыптасқан ауа райы өзгереді. «Қазгидромет» синоптиктері 20-22 шілде күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Демалыс күндері барика алқабы қайта құрылып, Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфера фронттарымен бірге Орал аудандарынан салқын және ылғал ауа түсе бастайды. Атмосфера фронттарының оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжуымен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұрып, ыстық әлсірейді, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірақ күннің аптабы республиканың оңтүстік облыстарында әлі де сақталады, ауа температурасы бұрынғыдай 38-45 градус ыстық шамасында болады.