Алдағы үш тәулікте еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауып, оңтүстігінде күн одан әрі ысиды. «Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері 23-25 шілде күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал аудандарынан тағы да салқын және ылғал ауа келеді. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфера фронттарымен бірге бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Бірақ Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты республиканың оңтүстік облыстарында әлі де 38-45 градус ыстық болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Еске салайық, «Қазгидромет» мамандары бұған дейін оңтүстіктен басқа өңірлерде аптаптың беті қайтатынын хабарлаған еді.