Салыстыру үшін айта кетейік, былтырғы қаңтар-наурызда бұл сала бойынша 5,4 миллиард теңгеден астам қызмет көрсетілген.

2019 жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет еліміздің 17 өңірінің 10-ында көрсетілсе, 2018 жылдың бірінші тоқсанында 16 өңірдің 15-інде көрсетілген.

Өңірлер бойынша қызмет көлемінің көп бөлігі Алматы облысына тиесілі. Облыс аумағында Қапшағай суқоймасы бар, еліміздің заңы бойынша казинолар мен ойын автоматтары суқойма маңына көшірілген еді. Биыл мұндағы құмар ойындары нысандары былтырғыдан 31,1% аз қызмет көрсеткен — 2,3 миллиард теңге.

Бұл сфера бойынша қызмет көрсету жөнінен екінші орында Ақмола облысы тұр, өңірдегі Бурабай курорты да — казино мен ойын автоматтарын орналастыруға рұқсат берілген аумақ. Облыста мұндай қызмет көлемі бір жылда 4,8% артқан — 426,7 миллион теңге.

Алматы, Ақмола облыстарынан кейінгі орынды Алматы иеленеді, қалада казино мен ойын автоматтарына тыйым салынған, бірақ тотализатор кассалары мен букмекер кеңселері есебінен 2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында 231,2 миллион теңгенің қызметі көрсетілген, бұл былтырғы бірінші тоқсанға қарағанда 6,5% аз.

Құмар ойындары

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!