«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында және шығысында атмосфера фронттарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе (40-45 градус), Жамбыл, Атырау (35-39 градус), Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан (36 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.