Нұр-Сұлтан субмемелкет рейтингінде үздік нәтиже көрсетті

«Қазақстанда бизнес жүргізу» зерттеуінде үздік нәтижені Нұр-Сұлтан көрсетті. Бұл туралы астанадағы есеп беру жиынында Бүкіләлемдік банктің жаһандық индикатор департаментінің басшысы Рита Рамальо айтты.

Бизнесті жүргізу бағытындағы жаһан баяндамасында Қазақстан жоғары көрсеткішке ие. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енеді. Соңғы 16 жылдың ішінде Қазақстан барлығынан жылдам реформа жасап үлгерді. Алайда субмемлекет зерттеуін жұмысын не себепті жүргізу керек болды? Жаһан зерттеуі кезінде біз Алматыға мән береміз. Ал Қазақстанның басқа аймақтары ескерілмейтін. Сол себепті ірі қалаларға ғана маңыз бермей, барлық аймаққа назар аударған жөн. Бизнес-реттеуді не себепті жүргізу керек? Өйткені біз кәсіпкерлікті жігерлендіріп, жеке секторда жұмыс орындарын ашуды жоспарлаймыз. Кез келген мемлекетте жеке сектор маңызды фактор саналады. Дұрыс жолға қойылған бизнес — процедураларды реттеуде жоғары маңызға ие, — деді Рита Рамальо.

Оның айтуына қарағанда зерттеу барысында бизнес-реттеудің деңгейі өлшенеді. «Қазақстандағы бизнесті жүргізу» зерттеуіне сегіз қала — Қостанай, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шымкент және Нұр-Сұлтан енген.

Егер Алматыны Нұр-Сұлтанмен салыстыратын болсақ, жағдайдың не себепті айырмашылығы барын аңғарамыз. Нақты бағыттарды өлшеу жолымен реформалардың болашағы айқындалады. Баяндамаға сәйкес, алғашында зерттелген сегіз қала кәсіпкерлік салада көрсеткішін жақсарта түсті. Әсіресе, Нұр-Сұлтанның индикаторында айтарлықтай өсім бар, — деді Бүкіләлемдік банктің сарапшысы.

Баяндамада айтылғанындай, бизнес үшін жайлы жағдай Алматыда қалыптасқан.

Субмемелкет рейтингі төрт көрсеткіш — кәсіпорынның ашықтығы, құрылысқа рұқсат алу тәртібі, электр жүйелеріне қосылу көрсеткіші мен жеке мүлікті тіркеу шарттары бойынша жүргізіледі.

Бүкіләлемдік банк Қазақстанның бүкіл өңіріне субұлттық рейтинг жүргізеді.