15-17 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда жаңа әуе рейстерін ашуға және дамытуға бағытталған Routes Silk Road 2019 халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Форум жұмысына 250-ден астам қонақ, сондай-ақ халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлардың топ менеджерлері, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен сала ұйымдарының өкілдері қатысады.
Routes Silk Road 2019 — ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері үшін әуе бағыттарын дамытатын форум. Онда тікелей әуе бағытын құру, авиасервис деңгейін арттыру, туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын авиакомпания, әуежай мен ұйым өкілдерінің арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу мәселелері шешіледі.
Үшкүндік шарада көрмелер мен В2В форматында кәсіпкерлер кездесуі өтеді.
Форум туралы толық ақпаратты мына сілтемеден білуге болады.