Алматыда Жастар денсаулық орталығының ашылуына жасөспірімдер, жастар, дәрігерлер, саяси және қоғам қайраткерлері мен серіктестер жиналды. Бұл — жасөспірім кезеңнен ересек өмірге қауіпсіз өтуге ықпал ететін өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған ақпарат пен қызметтерді ұсынатын ресурстық хаб.

Шараны Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саласындағы қоры (ЮНФПА) ұйымдастырды. Орталық Денсаулық сақтау министрлігінің сапалы ақпарат пен қызмет көрсету арқылы жастардың құқығы мен мүмкіндігін кеңейту жөніндегі жұмыс бағдарламасы аясында құрылды. ЮНФПА орталыққа тренингтер мен басқа да қолдау түрін ұсынды. Басқа елдермен тәжірибе алмасуға ықпал етіп, орталықтың құрылып, дамуына үлес қосты.

Жастардың құқығы мен мүмкіндігі болса, олар өзгерістің тиімді қозғалтқышына айналады. Жастардың жасөспірім шақта қаншалықты жақсы бағдарланғаны олардың өмірінің бұдан кейінгі барысын ғана емес, ортасы мен жалпы қоғамның дамуын да айқындайды. Алайда жастардың денсаулығына инвестиция салмай олардың потенциалдын толық жүзеге асыру мүмкін емес. Жастар денсаулық орталығы жігіттер мен қыздар өздерінің физикалық, эмоциялық, психологиялық дамуына қатысты сұрақтарға жауап алатын, өзіне сенімін дамыту, көшбасшылық қасиетті қалыптастыру сияқты тағы да басқа өмірлік маңызды дағдыларға ие болатын орын болады, — деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстан елдеріндегі директорыДжулия Валезе.

Соңғы уақытта жүргізілген зерттеу Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық тұрғыдан белсенді екенін көрсетті. Респонденттің басым көпшілігінің — 91%-нің АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті білімі жоқ. Сонымен қатар жасөспірімдер жүктілігінің саны ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен салыстырғанда жоғары болып қала береді. Контрацепция құралдарына қажеттіліктің қанағаттанарлықсыз екені де сол мөлшерде болып отыр.

Сен жасөспірім болған кезде ойда жоқ көптеген қауіп-қатерге — құрдастары тарапынан жасалатын қысымға, олардың қудалауына, қауіпті мінез-құлыққа, соның ішінде қауіпті жыныстық мінез-құлыққа және басқалай қатерлермен бетпе-бет келе аласың. Дұрыс ақпаратты білу маңызды, құрдастарының қысымына қарсы тұруға және оларға «жоқ» деп айтуды үйренудің маңызы зор. Бірақ ең бастысы — адамда өміріңізді елеулі түрде айқындайтын шешім қабылдау құқығы мен таңдау мүмкіндігінің болуы. Бұл орталыққа бару және оның іс-шараларына қатысу жастарға олардың өміріне қатысты салада дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, — деді Y-PEER қозғалысының қатысушысы Айым Олжабай.

1994 жылы халықаралық қоғамдастық Каирдегі халықты қоныстандыру және даму жөніндегі халықаралық конференциясы кезінде тарихи іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаны қабылдау әлем қоғамдастығының халық санының динамикасы, жыныстық және репродуктив денсаулық пен құқық, тұрақты даму арасындағы өзара байланысты қараудағы өзгерістің басталғанын көрсетті.

Биыл 12-14 қараша аралығында Кения, Дания Үкіметтері және ЮНФПА осы тарихи іс-шараның өтуіне 25 жыл толуына орай саммит өткізеді. Найробидегі Саммит — бұл Каирде келісілген негізгі мақсаттарды қайта растау және адам құқығы мен қадір-қасиетін сақтауға жәрдемдесу, соның ішінде контрацепцияның қазіргі заманғы әдістеріне қол жеткізу құқығы мен әйелдің қашан және қанша баласы бар болатынын таңдау құқығы, орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет шарт саналатын жыныстық белгісі бойынша зорлық-зомбылықты жоюды растау. Жастар көшбасшылығын алға ілгерілету әрбір жүктіліктің қалаулы болуына, әрбір босанудың қауіпсіз болуына және барлық жас потенциалын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әлемге жету прогресін «жеделдетушілердің» бірі ретінде айқындалды, — деді Джулия Валезе.