Бауыржан Байбек Шымкентте бейбіт шеруге қатысты

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкентте өткен бейбіт митингіге қатысты. Бауыржан Байбектің айтуынша, партияның Арыс халқына қолдау көрсету мақсатындағы жұмысына кедергі келтіріп, барлық жұмысты жоққа шығарғысы келетін арандатушылар бар. Ол жергілікті тұрғындарды мұндай бүлікшілерге ермеуге үндеді.

Бейбіт шеруге Ниязбек Ерлан да қатысты. Өзінің айтуынша, ол бұған дейін арандатушылардың айтағымен көшеге шығып, Nur Otan партиясының Шымкенттегі филиалы алдындағы партия туын жұлып алмақ болған. Бейбіт шеру кезінде жігіт өзінің сол күнгі әрекетіне қатты өкінетінін айтып, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті белсенді азаматтар да қатысты. Олар елдің арасына іріткі салып жүргендерге қарсы ашық пікір айтты.

Бейбіт шеру соңында партияның туы көтерілді.