Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін оңтүстіктен басқа өңірлерде жаңбыр жауады

Жаңбыр. Фото: Goodfon.ru

Оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады, тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жауады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *