Арыс тұрғындары Шымкенттен 28 маусымда үйлеріне орала алады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Қазір ғана Премьер-министрмен, Қорғаныс министрімен сөйлестім. Ертең сағат 8-ден бастап қала ашылады. Ал таңғы сағат 6-да автобустар келеді, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Өмірзақ Шөкеев
Фото ашық дереккөзден

Бұған дейін Арыс тұрғындары радиация жайлы ақпараттың тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұрады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындарымен Шымкентте кездесті. Оның айтуынша, Арыста ешқандай радиация жоқ.

Арандатушыларды тыңдамаңыздар, мені тыңдаңыздар! Біз бірге болуымыз керек. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па — өздеріңіз шешесіздер, — деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан үш адам қайтыс болды. Бұған дейін бір азаматтың көлігіне снаряд түсіп қаза болғаны және тағы екі әскери қызметкердің қайтыс болғаны хабарланды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!