Алматы облысында сегіз гранатаны сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында үш адам жарылғыш заттарды сатпақ болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы — «А», «Р» және «М» сегіз «РГД-5» граната жүйесін өткізбекші болған кезінде ұсталды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Олар тоғыз тұтандырғышты да сатпақ болған.

ДереккөзZakon.kz