Шаңырақ діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығы

«Шаңырақ» орталығының жұмысы аясында радикалды және жалған діни ағымдардан зардап шеккен адамдарға білікті мамандар тарапынан көмек көрсетілу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орталықтың маңызды жұмыс бағыты ретінде кең жұртшылық арасында дін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру, кеңес беру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері белгіленіп отыр.

«Шаңырақ» орталығына көмекке жүгінген тұлғаларға оңалту жұмыстары, психологиялық-теологиялық бағдарламаға сәйкес орталықтың мынадай: диагностика; түзету/психологиялық-діни көмек; бейімдеу/оқыту сынды негізгі бағыттары бойынша көмек көрсету қызметтері жүргізіледі.

Орталықтың командасы психология, дінтану, теология, заңгер және т. б. салаларды жетік меңгерген, жоғары білікті мамандардан тұрады.

«Шаңырақ» орталығының қызметі Алматы қаласы Әкімдігі мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) қолдауымен жүзеге асырылады.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ҚМДБ-ның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ және т. б. қатысады.

Өткізу күні және уақыты: 23.09.2016 ж. 11.00-де.
Өткізу орны: «Шаңырақ-1» ауд., Өтемісұлы көшесі, 109.
(«Бекет Ата» мешітінің аумағы)
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
263-25-77, 8707-116-35-41