Астанада екі автобустың бағдары өзгерді

Астанада 20 қыркүйектен бастап Абай даңғылының Пушкин көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №14, 64 бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.

Осылайша, № 14, 64 бағдарлар айналма жолмен жүреді: Кенесары к-сі — Жұбанов к-сі — Абай даңғылы, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша қозғалады.

Кері бағытта бекітілген сызба бойынша Абай даңғылымен жүреді. Бұрынғы қозғалыс сызбасы жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді.