Еnergyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, тағам өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі негізінен сусын өндіру есебінен артып отыр. 2019 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстанда жалпы құны 116,3 миллиард теңге болатын сусын өндірілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 19,5%-ға көп.
Тағам өнеркәсібін капитал инвестиция аудару жолымен қолдау деңгейі төмендеген. 2019 жылдың алғашқы төрт айында тағам өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестицияның жалпы сомасы 25,9 миллиард теңге болды, көрсеткіш алдыңғы жылдағыдан 20,9%-ға азайған. Сектордағы инвестиция үлесі республика бойынша негізгі капиталға жұмсалған жалпы инвестиция көлемінің 0,9%-на ғана тең болды. 2018 жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға жұмсалған жалпы инвестиция көлемінің 1,2%-ына тең еді.
2019 жылдың сәуірінің соңында еліміздің азық-түлік өнеркәсібі саласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 2,7 мың болды, бұл былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Бұл нысандардың 2,6 мыңы — шағын бизнес. Кәсіпорындардың 2,4 мыңы азық-түлік, 343-і сусын өндіреді.
(Иллюстрация: Dribbble.com ©Julien™)