Басты бет / Жаңалықтар /
856f6b0b220712d6ca548c031282aabd scaled Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
Хан Санг Ву мен Қаламқас Мәмбетеева. Фото компанияның PR қызметінен

Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты

Брендтелген кинотеатр Esentai Mall ойын-сауық орталығындағы Kinopark аумағында ашылды.

VIP-кинозалдың ашылу рәсімінде Samsung өкілдері журналистерге инновациялық QLED 8K желісінің бірегей ерекшеліктерін көрсетті.

8К — экранның бар тұнықтығының ең жоғарғы әрі егжей-тегжейлі анық көрсететін деңгейі, жасанды интеллект технологиясы түпнұсқа контент сапасын 8К өлшеміне мейлінше жақын етіп жақсартады және анықтық деңгейін экрандағы көрініс пен бөлмедегі жарыққа қарай реттейді. 

d56ab6eccc095698b7ef6039407e56ae Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
Samsung QLED теледидары. Фото компанияның PR қызметінен

Қонақтардың алдында сөз сөйлеген Samsung Electronics Central Eurasia президенті Хан Санг Ву кинотеатр ашуға не себеп болғанын айтты. Ол адамдар кинотеатрға үлкен экрандағы тамаша сурет пен жақсы дыбыс үшін баратынын, ал үлкен экраны бар QLED 8K (ең жоғары диагоналі — 98 дюйм) сол сапаны бере алатынын айтты, яғни көрермен QLED 8К теледидарынан сүйікті фильмін көргенде өзін бейнесі мен дыбысының сапасы жоғары заманауи кинозалда отырғандай сезінеді.

89741b14dba81176493c382993b3202d Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
Фото компанияның PR қызметінен

Сіз экранда болып жатқан нәрседен күшті әсер аласыз, бөлмеде болсаңыз да, өзіңізді оқиғаның ортасында жүргендей сезінесіз, — деді ол.

Сонымен бірге Samsung өкілдері дәл осы кинотеатрда компанияның болашақ флагман өнімдерінің таныстырылымын жиі өткізетінін хабарлады.

85e4bf133f7ae19bf648cf7972b90f29 Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
Фото компанияның PR қызметінен

QLED 8K Cinema кинотеатры көрсеткен алғашқы фильм Чад Стахелскидің «Джон Уик 3» боевигі болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз